Атырау облысында мешіттегі намазды бұзға­н тұрғынға айыппұл салынды


Жұма күні мешітке келген Миялы ауылының тұрғыны имамның ойын бөліп, намаз оқуына кедергі келтірген.
Аудандық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол «өз пікірі мен идеяларын айтып, мешіттегі мінез-құлық тәртібін бұзған».
Сот тұрғынды заңды діни қызметпен айналысуға кедергі келтірді деп танып, 99 мың 100 теңге көлемінде айыппұл салды.