Атырау облысында микроавтобус аударылды

Жол апаты кеше кешкісін Атырау – Доссор жолының 34-ші км жерінде болған. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарова мәлімдеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, шағын автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай көлікті аударып алған.

Апат орнында үш адам көз жұмған. Жүргізуші мен үш жолаушы ауруханаға түсті.


Полиция мәліметіне сәйкес, шағын автобустың жолаушылары түгел Павлодар облысының тұрғындары.

Осы факті бойынща қылмыстық іс қозғалды.

Жүргізуші оңалған соң қамауға алынады.