Жаңа мектепке дейінгі мекеме бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Мақат ауылында салынған. Бұл бүтіндей бір кешен: балалар бақшасының жеке қазандығы, толымды трансформаторлы кіші стансасы, төбесі қалқаланған тоғыз балалар ойнайтын алаңы бар.
«Біздің мақаттықтарға тапсырған әлеуемттік-нифрақұрылымдық жобамыз өңір халқының ең маңызды бөлігі - балаларға пайдалы екеніне қуаныштымын. 3 пен 7 жас аралығындағы 200-ге жуық бала осы бала бақшаға келеді, мұнда олардың толыққанды дамуы үшін қажетті барлық жағдай жасалған», - деді балалар мекемесін пайдалануға салтанатты тапсыру кезінде «НКОК» компаниясының сыртқы байланыс жөніндегі директоры Пьер Дельпон.