Мұнай шамамен 250 шаршы метр аумаққа жайылып, жан-жағындағы шөп атаулы күйіп кетіпті. Кей жерлері қазылған. Мамандар осыған қарап әлдекімдер жер астындағы құбырдан мұнай ұрламақ болған немесе құбыр өздігінен жарылуы мүмкін дейді. Төгілген қара май жерге әбден сіңіп кеткен. Экологтар сынама алып, қоршаған ортаға келген зиян көлемін анықтауда.
Сапар Тұрсынбеков, Атырау облысы табиғат қорғау прокурорының аға көмекшісі:
-Нақты айта алмаймыз. Себебі, мұнайдың біраз болған төгілгеніне және жерге сіңіп, сумен шайылған фактілері орын алған.
Loading...