Атырау облысында оңтүстік тұрғынынан бөкен мүйіздері тәркіленді

Өткен сейсенбіде Атырау – Астрахань жолында полиция қызметкерлері 80 бөкен мүйізін тиеген көлікті тоқтатты, деп облыстық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарова мәлімдеді.

Ұсталған азамат мүйіздерді даладан тауып алғанын айтады. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселе қаралуда.