ТЖМ мәліметінше, Атырау облысының Мақат ауданы Мақат кентінде 16 қыркүйекте жай үйде 07 сағат 27 минутта 120 шаршы метр аумақта өрт шықты.
Өрт салдарынан 51 жастағы ер адам мен 80 жастағы әйел қаза тапты. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 9 адамының көмегімен 08 сағат 40 минутта сөндірілді.