Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ Төтенше жағдай жөніндегі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Өрт сөндіру үшін 21 тонна су кеткен.
«Атырау қаласынан 25 шақырым, Дамба ауылынан 8 шақырым қашықтықтағы жерде, Каспий теңізінің жағалауы маңындағы «Ақ жайық» мемлекеттік табиғи резерваты» орналасқан жерде 15 гектар аумақты алатын қамыш өртенді», - делінген ІІМ Төтенше жағдай жөніндегі комитеттің баспасөз мәліметінде.
Өртті ауыздықтауға Атырау облысының өрт сөндіру қызметі, «Ақ жайық» қызметкерлері, «Спецавтобаза» ЖШС, «АтырауСуАрнасы», «ҚазМұнайГаз» ЖШС жұмылдырылды.