ТЖМ мәліметінше, "орта қысымды (бір шаршы сантиметрге 46,2 килограмм), диаметрі 1200 мм магистральдық газ құбырының жарылуынан өрт шыққан. Кешкі сағат 18 30-да болған бұл оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ".
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиғаның салдарынан "Орталық Азия - Орталық" магистральдық газ құбырының бір бөлігі істен шығарылды, бірақ тұтынушыларға газ жіберу үзілген жоқ.