Атырау облысында Өзбекстан азаматтары мінген шағын автобус жол апатына ұшырады


Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
«Мерседес» шағын автобусының жүргізушісі Атырауға кіреберісте тізгінге ие бола алмай, электр бағанына соғылған. 
Санкт-Петербургтен Өзбекстанға келе жатқан автобуста осы республиканың 19 азаматы болған. Жол апаты салдарынан автобустағы 46 жастағы жолаушы әйелдің аяғы сынған. Ол аяғына гипс салдырған соң ауруханаға жатудан бас тартып шығып кеткен.
Жол апатына ұшыраған өзбек азаматтарын басқа  көлік берілді. Олар Өзбекстанмен шекаралас Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылына дейін жеткізіледі.