Атырау облысында полицей екі адамды қағып кетті

Апат 22 қазанға қараған түні болды. Полицей жұмыстан үйіне қайтып келе жатқан. 

"Зардап шеккендер аудандық ауруханаға жеткізілді, олардың жағдайы тұрақты. Көлік қағып кеткен адамдар – 30 және 31 жастағы жергілікті тұрғындар", — деді Атырау облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Бұл факті бойынша ҚК  345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ішкі қызметтік тексеріс жүргізілуде, бірқатар сараптама тағайындалды.