Атырау облысында пышақпен қаруланған тонаушылар кәсіпкердің үйін тонап кеткен

Жұмада таңертең медициналық маска киген екі адам үйге терезеден кіріп, кәсіпкерге және жақындарына пышақпен сес көрсетіп,10 мың доллар ақша мен алтын әшекейлерді алып кеткен, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.

Қазіргі уақытта куәгерлер мен зардап шеккендер жауап беріп жатыр, деді ол.