Мына кадрларды жергілікті тұрғындар түсіріп алыпты. Онда коммуналдық сала жұмысшысының киімін киген жігіттердің темір құбырларды жерге ұрып кіргізіп, оған тамыры жоқ шыршаларды орнатып жатқаны көрініп тұр. Көп болса 1 айдан соң қурап қалатын ағашты сонша жанталасып отырғызғанын жергілікті халық облыс әкімнің келуімен байланыстырып отыр. Ал Құлсары шенеуніктері бұл қылқан жапырақтыларды жаңа жылда сата алмаған кәсіпкер тегін берді деп түсіндірді. 40 талды қоқысқа тастағанша, осылай кәдеге жаратпақ болған түрлері екен.
Нұраддин Өмірбаев, Жылой ауданы әкімінің орынбасары:
-Бір кәсіпкер жаңа жылға сатуға шырша алып келеді. Оның қырық түбі өтпей қалады. Бюджеттен қаражат бөлінбеген,ештене шықпаған.Кәсіпкердің қоқысқа лақтырмай , көше әдемі болып тұрсын деп істеп жүргені ғой.
Loading...