Атырау облысында қарындасын үш жыл бойы зорлап келген тұрғын құрықталды


«28 жастағы педофил мен 15 жасар қыз бала жақын туыс болып келеді. Олар әкелері бөлек болғанымен бір анадан туған», - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Жымысқы әрекетін масаң күйінде жасаған ол қызды үнемі қорқытып отырған. Қылмыскер туысқан қарындасын 2012 жылдан бері зорлап келген.
Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, педофил екі айға қамалды.