Полицияның түсініктемесіне сәйкес, қаржы полициясының сыбайлас жемқорлыққа қатысты істерді әшкерелеу жөніндегі басқармасының аға инспекторы Атырау облыстық салық комитетіндегі тексеру барысында салық комитеті қызметкерлерінің жыл сайынғы кіріс жөніндегі декларацияны толтыруда жол берген заң бұзушылықтарын анықтаған. Кінәлілерді жауапкершілікке тартпау жөнінде оң шешім шығару үшін ол салық комитетінің қызметкерінен 40 мың теңге пара талап етіпті.
Мемлекеттік қызметкер ақшаны алып жатқан сәтте қолға түсті. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.