Атырау облысында қатты дауыл ғимараттардың шатырларын жұлып әкетті

ТЖМ мәліметінше, 21 маусымда 17 сағат 20 минутта Атырау облысының Ганюшкино ауылында қатты боран мен найзағай қосылған нөсер жауды. Соның салдарынан №3 кәсіптік-техникалық лицейдің 2 қабатты ғимаратының шатыры мен "Башмакова" ЖК жөндеу шеберханасының шатыры толық жұлынды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, найзағай түсу салдарынан жай үйдің шатыры жанды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Шығын көлемі анықталу үстінде.