Атырау облысында қатты жел 32 үйдің шатырына зақым келтірді

ТЖМ мәліметінше, Атырау облысының Қызылқоға ауданының Қарабау ауылында 21 тамызда сағат 16.50-де 20 минутқа созылған күшті желдің салдарынан 32 үйдің, 2 білім беру нысаны мен 3 әлеуметтік-тұрмыстық нысанның шатырына зақым келді. Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ.