Атырау облысында қазандықта газды-ауалы қоспаның жарылуы салдарынан бір адам мерт болып, екеуі зардап шекті

Мекеме ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Мақат ауылындағы табиғи газбен жұмыс істейтін қазандықта болған. Жарылыс газ шығуы салдарынан шыққан. Қазандықтың шатыры жұлынып кетті. Қазандықтың бір қызметкері қаза тауып, екеуі ауруханаға жатқызылды.

Қазір қазандықтың жұмысы тоқтатылып, 4 қабатты төрт үй (220 тұрғыны бар) жылусыз қалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті