"Атырау облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің нұқсауы бойында құбырмен жіберілетін суды хлормен әсіре өңдеу режимі енгізілді", делінген баспасөз баянында. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, бұл Атырау облыстық санитарлық-эпидемилогиялық қызметінің "Жайық өзені мен Атыраудағы құбырмен жіберілетін судың органолептикалық көрсеткіштері (иісі) бойынша су сапасының гигиеналық нормативтерінің бұзылу дерегін анықтауына" байланысты.
Осыған сәйкес, ҚР бас санитарлық дәрігерінің тапсырмасымен комиссия құрылып, оның құрамына облыстық санитарлық-эпидемилогиялық қызметі, қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлар қызметтерінің мамандары қамтылды, олар судың иісінің өзгеру себебін анықтайды.
"Қазіргі жағдаймен су сынамасына жүргізілген зертханалық тексерулер нәтижесінде бактериологиялық, вирусологиялық және басқа да химиялық көрсеткіштер бойынша ауытқушылықтар анықталған жоқ", делінген хабарламада.
"Облыс аумағы бойынша жаппай судың сапасына күн сайын мониторинг жүргізілуде", деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті