Атырау облысында Ресей мен Украина азаматтары қаза болды


Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, апат «Ақтобе-Атырау-Астрахан» автожолында орын алған. «Форд» көлігін басқарған 29 жастағы Атырау тұрғыны тізгінге ие бола алмай, автомобиль аударылып қалған. 35 жастағы ресейлік әйел мен 59 жастағы украиндық оқиға орнында көз жұмды. РФ-тың тағы бір азаматы мен машина жүргізушісі Исатай аудандық ауруханасына жатқызылды.