Жазғытұры өр суы келгенде бұл көлдер суға толады. Тау суымен келген сазан, жайын, қаракөз, табан секілді балықтар осы жерге уылдырық шашады екен. Ал өзен деңгейі төмендегенде ұсақ шабақтар көлшіктерден шыға алмайды. Шабақтарды сүзуге көл маңындағы ауыл тұрғындары да көмектесіп жатыр. Дегенмен әлі де еріктілердің көмегі қажет. Шілде айының басында осы Махамбет ауданындағы Қарашығанақ су айдынында 1 тоннаға жуық балық қырылған болатын. Мамандар оның себебін желбезектілерге тайыз суда оттегі жетіспегеннен деп түсіндірген. Ал бұл жолғы шабақтарды құтқару жұмыстары тамыз айына дейін жүргізілмек.
Бакужан Қожахметұлы, балықшы:
-Таңертеңнен бері аулағанымыз 37 мыңдай шабақты ауладық. Жайық бойына жібердік. 14 рейс апардық, мынау салып жатқанымыз 15-ші рейс. Өздеріңіз көріп отырғандай үш жерден ау салынып жатыр. Барынша құтқарып жатырмыз.
Loading...