Атырау облысында тағы да балық қырылды

Қырылған балықтардың дені – табанбалық, қарагөз және сазан. Жалпы салмағы тоннаға жуық. Бірнеше күн жатып қалған өлекселер ыстықта шіріп, айналаны жағымсыз иіс жайлап кеткен. Мамандардың болжамы бұл жолы енді күлкілі. Айтуларынша, бұл жолы да балыққа оттегі жетпеген. Қыста мұз астында тұншыққан балық шілдеде аяқасты қырылып қалыпты. Десе де қазір осы маңдағы ауа мен судан сынама алынып, зерттеуге жіберілген. Ал құзырлы орындар бұл тоғанды кімнің жалға алғанын және келген шығын көлемін арнайы тексерістерден кейін анықтамақ.

Loading...