Атырау облысында тамақтан уланған түрік фирмасының жұмысшылары толық ауруханадан шықты, жұқпалы дерт ошағы жойылды

"11-сәуірдегі 18 сағаттағы жағдаймен барлық жұмысшылар ауруханадан шығарылды. Облыстық комиссияның шешіміне сәйкес жұқпалы дерт ошағы жойылды", деп хабарлайды министрлік.

Айта кетейік, 28 наурызда Атырау облыстық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне тамақтан улану белгілерімен "Гате Иншаат" АҚ түрік фирмасының жұмысшылары түсе бастаған. Зардап шеккендердің бәрі сол күні зауыт асханасынан тамақтанған. Министрлік ақпараты бойынша, жаппай улануға құс еті себеп болған. Сонымен қатар, бактериологиялық зерттеулердің алдын ала нәтижесі көрсеткендей, 102 науқастан сальмонеллез ауруы анықталған, деп хабарлайды министрлік.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті