Облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтің айтуынша, биылғы алты айда деструктивті діни ағымның 350 жақтасымен 1 200 мәрте теологиялық оңалту іс-шарасы жүргізілген.
«Терроризм және экстремизм бабымен сотталған 39 адаммен 200 рет жеке кездесу, 8 іс-шара, 2 интелектуалдық сайыс өткізілді. Сондай-ақ, теріс ағымның жетегінде жүрген 86 адам дәстүрлі діни бағытқа қайтарылды. Оның ішінде 64 тұрғын, 8 жазасын өтеуші, 5 студент бар. Ал қалғаны – экстремизм бабымен жазасын өтеп шыққандар, олардың жұбайлары, сондай-ақ пробациялық бақылаудағы азаматтар», - дейді Қайролла Көшқалиев.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында теріс діни ағымды насихаттаған 40 адам жауапқа тартылғанын
жазған едік.
Бұдан бөлек, өңірде 24 млн теңгенің есірткісін сатпақ болған діни ағым өкілдері ұсталған болатын.