Атырау облысында түрік компаниясында тамақтан уланған жұмыскерлердің саны 376-ға жетті - төтенше жағдайлар министрлігі

Бейсенбі күнгі 17 сағаттағы жағдаймен 71 адам ауруханада жатса, Қарабатан ауылындағы провизорлық бөлімшеде 305 адам тексерілуде, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, қазір оқиға орнында облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Есенгенов пен ҚР денсаулық сақтау министрлігінің республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы бас саниатарлық дәрігерінің орынбасары В.Шаянов басқарған штаб жұмыс істеуде. Адамдардың жаппай улану ошағында эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда.

Еске сала кетейік, 27-наурызда Атырау облыстық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне Түркияның "Гате Иншаат" АҚ құрылыс компаниясында істейтін жұмысшылар тамақтан улану белгілерімен жатқызыла бастаған. Зардап шеккендердің бәрі сол күні зауыт асханасында тамақтанған. Алдын-ала ақпаратқа сәйкес, жұмысшылардың жаппай улануына олар жеген құс еті себеп болған болуы мүмкін.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті