Атырау облысында жанармай бекетінде тұрған автобус өртенді


Алдын ала деректер бойынша, оқиғадан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Оқиға 23 қазан күні таңғы 8:51-де Исатай ауданы, Аққыстау ауылы маңындағы жанармай бекетінде орын алған.

“Өрт кезінде көлік салонында тек жүргізуші болған. “ПАЗ” толықтай жанып кетті, өрт сағат 9:35-те сөндірілді. Өртті сөндіруге 2 техника бірлігі мен жеке құрамның 8 адамы жұмылдырылды”, – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.