Атырау облысында жанармай сақтауға арналған ыдыстың жарылуы салдарынан бір адам зардап шекті



Оқыс оқиға Құлсары қаласындағы "Жылыойл продукт" ЖШС аумағында болған. "Көлемі 50 текше метрлік жанармай сақтауға арналған ыдысты ашқан кезде газды-ауалы қоспаның жарылысы болған, ол әріқарай тұтанған жоқ. Соның салдарынан 22 жастағы жігіт күйікке шалдығып, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.