Атырау облысында жаппай естен танған мұнайшыларға нақты диагноз қойылды

«Теңізшевройл» компаниясының 41 және 23 жастағы екі жұмысшысы жұқпалы ауру белгілерімен кен орнындағы емханаға түскен еді. Үлкені сол жерде қайтыс болды. Ал кішісі ауыр жағдайда Атыраудағы ауруханаға жеткізілді. Осы екеуімен байланыста болған тағы үш адам «Теңізшевройлдың» емханасында жатыр. Олардан ауру белгісі анықталған жоқ. Қазір бірнеше маманнан құралған арнайы топ кен орнын тексеруге жіберілді. Ал ауыр жағдаймен түскен екінші науқас жансақтау бөлімінде жатыр.

Надя Ерғалиева, Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Түнді науқас тыныш өткізді. Дене қызуы қалыпқа келді. Денесіне жаңадан бөртпелер жоқ шығып жатқан жоқ.

Loading...