Атырау облысында жаппай мал қырылып жатыр

Мамандар дертке шалдыққан жануарларды оқшаулау жұмыстарын жүргізуде



 Атырау облысында қауіпті жұқпалы дерттен жүздеген үй жануары қырылды, барлығы 234 бас мал жылқы сақауына шалдыққан, деп хабарлайды "Астана" телеарнасына. Исатай ауданында дерттің тарай бастағаны тіркелген, қазір мамандар ауру малды оқшаулап, емдеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Дертке не себеп болғаны әлі анықталған жоқ. Сақау – жылқыларда кездесетін асқынған жұқпалы дерт, көбінесе бұл ауруға құлындар шалдығады.