«20 жастағы жігіттің бас жарақатымен ауруханаға түскені жайында полицияға медицина қызметкерлері хабарлаған. Күдікті қолға түсті. ҚР ҚК 96-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.
Аталған оқиғаның мән-жайы туралы ІІД еш ақпарат бермеді. Тек жарақат алған жігіттің қазіргі кезде ауыр халде аурухананың жансақтау бөлімінде жатқаны ғана белгілі болды.