Атырау облысында жер үйдің ауласында гранатаға ұқсас зат табылды

ТЖМ ақпараты бойынша Атырауда (Ақсай ауылында) жер үйдің иесі өзінің ауласынан 26 наурызда 12 сағат 35 минутта Ф-1 гранатасына ұқсас зат тауып алды. Бұл зат қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлерімен тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.