«Оқиға Атырау-Орал тас жолында Индер ауданының Томарлы ауылының маңында орын алды. Атырау қаласының тұрғыны болып табылатын «Дэу-Матиз» көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен, оның бұл әрекетінің себептері қазір анықталуда. Салдарынан өзіне қарама-қарсы келе жатқан «ПАЗ» автобусымен соқтығысқан. Жеңіл автокөлікте болған жолаушы мен сәби оқиға орнында бірден көз жұмды, ал оның жарақаттанған жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Автобустағы жолаушылар мен жүргізуші зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады аймақтың ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.