Атырау облысы Жылыой ауданында Құлсары-Сарықамыс автожолының 15-шақырымында 12-шілде күні 13 сағат 07 минутта "ВАЗ- 2107" автокөлігінің жүргізушісі "ВАЗ-2106" автокөлігімен соқтығысып қалу салдарынан екінші көлік өртеніп кеткен. Апаттан "ВАЗ-2107" автокөлігінің жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы, сондай-ақ, "ВАЗ-2106" автокөлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Тағы үш жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.