Атырау облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы төртеуі, соның ішінде 5 жасар бала ауруханаға түсті

Мекеме ақпаратына сәйкес, Индер ауданы, Атырау-Индер тас жолының 111 шақырымында 30-мамырда "Фольксваген" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші мен бір жолаушы әйел оқиға орнында опат болды. Тағы төрт жолаушы, соның ішінде 5 жасар бала ауруханаға түсті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті