Атырау облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, үш адам жараланды

Апат Індер ауданында Атырау-Орал тас жолының 150-ші шақырымында болды. ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі КамАЗ автокөлігімен соқтығысып қалды.

Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушы, соның ішінде 4 және 7 жастағы екі бала оқиға орнында мерт болды. Тағы үш адам, соның ішінде 3 жастағы қыз түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.