Атырау облысында жол көлік апаты салдарынан екі адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жатқызылды

"Атырау облысында 27 наурызда 00 сағат 35 минутта "ВАЗ" жеңіл көлігі аударылып кеткен. Соның салдарынан көлік жүргізушісі мен төрт жолаушысының біреуі оқиға орнында қаза болды. Ал аман қалған үш жолаушы ауруханаға жеткізілді", деп хабарлайды ТЖМ.