Атырау облысында жол оқиғасы кезінде қаза болғандар саны алты адамға жетті

Бұл туралы дүйсенбіде Атырауда облыстық ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасының бастығы Берік Амангелді баспасөз мәслихатында айтты.

Оның ақпаратына қарағанда, ауруханада жол оқиғасы кезінде зардап шеккен бес адам жатыр, оның бірі 2009 жылы туылған бала.
Апат Атырау-Астрахань жолында болған, "Ваз-11174" және "Фольксваген-Гольф" көліктері соқтығысқан.