Атырау облысында жолаушылар пойызының рельстен шығып кетуінің себебі анықталды

жолдардың сапасыз дәнекерленуі түрткі болған.

«Алматы-Атырау бағытына кетіп бара жатқан жолаушылар пойызындағы бірнеше вагонның рельстен шығып кетуіне жолдардың дұрыс дәнекерленбеуі түрткі болған. Оқиғаны мұқият зерттеп шыққан ведомство мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы осындай тұжырым жасап отыр», - деп хабарлайды Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы оқиғадан екі апта бұрын Сағыз-Мақат учаскесінде рельстерді дәнекерлеу жұмыстары жүргізілген болатын. Тексеру нәтижесінде, жұмыстың сапасыз атқарылғаны белгілі болды.