«Жол-көлік оқиғасы кешке Атырау-Құлсары күрежолының бойында болды. Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласынан шамамен 30 шақырым жерде. Жол-көлік оқиғасы болған жерде минивэндегі екі ересек адам және бір бала мерт болды. Қаза болғандардың бәрі де - Украина азаматтары. Апатқа ұшыраған минивэнде украиндық нөмір белгілері болған. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.
Еске сала кетейік, сенбі күні Атырау облысында «Тойота» минивэні «Мерседес» үлкен жүк машинасымен соқтығысқан.