Атырау облысында жүк поезының 18 вагоны шойын жолдан шығып кетті

Министрліктің хабарлауынша, оқиға орнына келіп жеткен кезде құрылыс материалдарын тиеген 2 жабық вагон мен мұнай өнімдерін тиеген вагон-цистерна және тепловоз жанып жатқан. Тепловоздың кабинасынан өртеніп өлген адамның мәйіті табылды. Соның салдарынан темір жолдағы қозғалыс тоқтатылды.

Қазір вагондардың жолдан шығып кету және өртену себептері анықталып жатыр.