Атырау облысындағы ерлі-зайыпты кәсіпкерлерді азаптап өлтірген қарақшылар сотталды


Қылмыстық істі ұйымдастырушы, бұрын да аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған Абзал Жазшиев өмірінің соңына дейін қатаң тәртіптегі абақтыда отыратын болды. Ал қылмыстық топтың өзге мүшелері 18, 23 және 24 жылға түрмеге тоғытылды. Кінәлілердің дүние-мүліктері тәркіленіп, жәбірленуші тарапқа 5 миллион теңге көлемінде материалдық шығын да өтеуі тиіс. Естеріңізге салсақ, қанды оқиға сәуір айында болған. Қарақшылар Қиғаш ауылындағы ауқатты ерлі-зайыптыларды азаптап өлтіріп, қымбат бұйымдары мен үйдегі ақшасын алып кеткен-ді. Отағасы мұнай компанияларының бірінде жұмыс істесе, зайыбы кәсіпкерлікпен айналысқан. Марқұмдардың артында екі баласы қалды.