Атырау облысындағы газ құбырындағы апаттың салдары жойылды- ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 17-тамызда "Орталық Азия-Орталық-2" магистралдық газ құбырының 702 шақырымында, "Мақат" желілік -өндірістік басқармасына қарасты бөлігінде апат болған. 18-тамызда "Орталық Азия-Орталық-3" магистралдық газ құбырының 877 шақырымында тағы да ақау шықты.

Агенттік ақпаратына сәйкес, апат салдары 23-тамыз, дүйсенбіде толық жойылды.