Атырау облысындағы өрт 15 мың гектар шөпті құртты

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кеше сағат 18:30-да Қызылқоға ауданының Жангелді ауылдық округінде "Қызылсай", "Маңғыт", "Қорайлы", "Сарыкөл", "Қоскөл", "Кайрақты" учаскелерінде құрғақ шөп өртенді.

15 мың гектарға жайылған өртті тек келесі күні 17:00-ге қарай сөндіру мүмкін болған.


«Қорайлы» учаскесінде от мал қорасының шатыры мен қоршауын жартылай шарпыған. Шамамен 26 қой қырылған.