Атырау облысының әкімдігі келісімшарт талаптарын орындамаған жер қойнауын пайдаланушылардан жер телімдерін тәркілеуді көздеп отыр

Аталмыш шешімге сәйкес, келісімшарт талаптарын 70 пайыздан да жоғары орындамаған компаниялардың барлығы 1 маусымнан бастап берілген жерде қандай да бір қызмет ету құқынан айырылады.

Атырау облыстық жер қойнауын пайдалану геологиясы инспекциясының мәліметтеріне сүйенсек, облыста мамыр айының басында 27 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. Олар 54 нысанда жұмыс істейді. Инспекция нәтижелері жер қойнауын пайдаланушылардың барлығы бірдей табиғат пайдалану рұқсатын ала қоймағандығын көрсетті. Олардың кейбірі жерді пайдалану актісін рәсімдемеген.

С. Еңсегеновтың атап өткеніндей, аумаққа барлау жүргізу тендеріне қатысқан кезде көптеген компаниялар жоғарғы келісімшарттық міндеттемелер алады. Алайда, келісімшартты алғаннан соң міндеттемелерін орындамайды. Жерді барлау үшін емес, әрі қарай қайта сататын тауар ретінде алатын фирмалар да бар.

"Келісімшарттарды бұзу және кәсіпорындарды жер қойнауын пайдалану құқынан айыру, әрине, салық мөлшері және адамдардың жұмыс орындарынан айырылуы секілді шығындарды әкеледі. Алайда, соған қарамастан, атқарушы билік бұны аяғына дейін жеткізуді көздеп отыр", - деп атап көрсетті әкімнің орынбасары.