5-тамызда Өрлік ауылының 32 жастағы тұрғыны Махамбет аудандық орталық ауруханасына іш ауруы деген алдын-ала диагнозбен жатқызылады. Ал 10-тамызда науқас "тырысқақ" деген диагнозбен облыстық ауруханаға ауыстырылды. Сол күні онымен байланыста болған 78 адамның 61-і ауруханаға жатқызылды.
Агенттік ақпаратына сәйкес, қазір науқасқа тиісті дәрігерлік көмектер көрсетілуде. Денсаулық ахуалы тұрақты деп бағаланып отыр. Науқаспен қарым-қатынаста болған басқа адамдар іздестіріліп жатыр.