Атырау облысының Махамбет ауданына бір тәулікте жауын-шашынның 4 айлық нормасы жауған

Ведомство ақпарына қарағанда, толассыз жауынмен қоса өңірге диаметрі 12 мм бұршақ жауыпты.

«Алты үй мен ауыл кітапханасының шатырынан су ақты. Ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлайды ТЖМ.