Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Орал өзенінде 6,2 мың тонна балық ауға түссе, Құрманғазы ауданынының Қиғаш өзенінде 5 мың тоннадан астам балық ауланды.
Атырау облыс әкімдігінің "Атырау облысы балық шаруашылық бөгендерін пайдаланушыларға жүктеу туралы" қаулысына сәйкес, 2006 жылдың 20 маусымында 15 табиғатты пайдаланушылар балық аулау құқығына ие болды.
Балықшылардың пікірінше, биылғы жылы көксерке көлемі көп болды. Бұл жағдай аймақтағы бірқатар балық шаруашықтарына оның квотасын алуға септігін тигізді.
Орал-Каспий бассейнінде Қазақстанның балық өнімдерінің жартысынан көбі ауланып, өңделеді.