Атырау облысының тұрғынынан бөкен мүйіздері тәркіленді


Бұл туралы бүгін облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мүйіздер Атырау-Астрахань жолында дүйсенбіге қараған түні тоқтатылған көліктің артқы жүк салғышынан табылған.
Мүйіз әкеле жатқан ер адам ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылып, мүйіз сараптамаға жіберілді.