Тергеу кезінде барлық вагондардың жарамды екені анықталды. Ал «Алматы-Атырау» бағытында келе жатқан жолаушылар пойызының апатқа ұшырауына рельстердің аяқ астынан қисаюы себеп болған. Яғни апат болардан екі апта бұрын Сағыз-Мақат учаскесінде жасалған жөндеу жұмыстары кезінде техникалық талаптар сақталмаған. Жұмыс та сапасыз жүргізілген көрінеді. 19 сәуірде Сағыз-Мақат теміржол учаскесінде 13 вагон рельстен шығып кетіп, 7-еуі аударылған еді. Абырой болғанда, адам өлімі болған жоқ. Тек апат кезінде вагондарда отырған 80 адамның 44-і дәрігердің көмегіне жүгінді.