Атырау полициясы 60 адамға іздеу жариялады

Облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының ақпаратына қарағанда, 19 адам із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы BAQ.KZсайтына сілтеме жасап.

Оның ішінде Атырау қаласынан 6, Жылыой ауданынан 3, Мақаттан – 3, Индерден – 3, Құрманғазы, Махамбет және Қызылқоға аударынан бір-бір адамнан бар.

Түркістан облысының бір тұрғынына да іздеу салынған.

Индер ауданының бір тұрғыны 2000 жылы із-түзсіз жоғалып кеткен.

Ал, Мақат ауданының 51 жастағы тұрғыны Шымкент қаласынан былтырғы 1 маусымда Доссор кентіне келмек болған. Алайда, тұрғылықты мекенжайына жетпеген.

Сондай-ақ қылмыс жасаған 41 адамға іздеу жарияланып отыр.


Қылмыс жасады деген күдікке ілінгендердің дені – ер адам. Арасында екі әйел бар. Оның бірі 1973, екіншісі 1997 жылы туған.

Іздеудегі күдіктілердің үлкені – 65 жаста болса, ең жасы – 2001 жылғы жігіт.

Атырау облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасымен қылмыскерлер іздестірілуде. Іздеуде жүрген азаматтарға қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз, дереу полицияға +7 705 241 5236немесе 102 телефоны арқылы хабарлау сұралады, – деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.