Атырау полициясы көшедегі шалшықтан табылған сәбидің анасын іздеп жатыр

«7 шілдеде Котеджная көшесіндегі шалшық судан жаңа туған сәби табылды, оның тіпті кіндігі де кесілмеген. Бұл туралы қаланың жедел қызметтеріне қараңғыда шырылдаған дауысты естіген адамдар хабарлаған», - деді С. Жұмашева сейсенбі күні.

Оның айтуынша, бала табылған жерге Атырау ІІБ-ның оперативті тобы пен қала прокурорының көмекшісі барды.

«Қазір сәби облыстық балалар ауруханасы дәрігерлерінің бақылауына берілді», – деді ол.

Атырау ІІБ бұл факт бойынша ҚР ҚК 119 б.1б. бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оперативті-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.